Сіздің ыңғайлылығыңыз үшін жылжымайтын мүліктер
Жаңа! Орландо қонақ үйі кондоминиумы: Lake Buena Vista шипажайы және спа
Орландодағы ЖАҢА ұсыныс: Harbor Square аймағындағы Vista Cay тұрғын үй комплекстері және Cay Commons аймағындағы The Isles тұрғын үй комплекстері
Reunion
Флориданың MLS тізіміне кіру
ОРЛАНДО, ФЛОРИДА
Орландо қаласы Флорида штатының дәл орталығында орналасқан. Негізгі авомагистральдар мен бірнеше халықаралық әуежайлар осы жерден жер шарының кез келген нүктесіне жетуге мүмкіндік береді.

Орландоның өзінде жағажайлар жоқ, алайда қаланың ыңғайлы орналасуы дүние жүзіне әйгілі жағажай ғейтон-Бичке 45 минутта жетуге мүмкіндік береді. Жақын жерде сонымен қатар АҚШ-тың ең әйгілі жағажайы - Клирвотер Бич жағажайы орналасқан. Қаладан 45 минут жерде Кеннеди атындағы космос зерттеу орталығы орналасқан. Осы жерде мұражайларға, космос орталықтарына баруға болады, сонымен қатар, Шаттл космос кораблінің ұшуын көруге де болады.
Егер сізге су спорты ұнайтын болса: байдарка мен каноэ ескектері, балық аулау, кемпинг немесе егер сіз тек қана табиғатқа шыққыңыз келсе бұдан тиімді жерді табу өте қиын. Орландо қаласы Флориданың ең тамаша өзендері мен каналдарының, сонымен қатар табиғат қорықтарының жанында орналасқан. Егер сіз тропикалық круизге шыққыңыз келсе, Орландо қаласы бұл үшін ең керемет орын: осы жерден круиздік лайнерлердің порты Канаверал мүйісіне жету өте оңай.
Орландо қаласының климаты жыл бойына тамаша қалпында сақталады. Жаздыгүні температура 21-ден 35 градус Цельсияға дейін ауысып отырады. Флориданың субтропикалық климаты ашық ауадағы барлық түрлі әрекеттер үшін қолайлы.

Дүние жүзіне әйгілі ойын-сауық саябағы Дисней әлемі Орландода орналасқан, мұнда, сонымен қатар, бірнеше демалыс саябақтары орналасқан: Sea World, Universal Studios,Magic Kingdom, MGM Studios, Animal Kingdom, Epcot және Discovery Cove.

Орландо қаласы Флорида штатының жағалауында емес, орталық бөлігінде орналасқанына қарамастан, соңғы бірнеше жылдың ішінде осы жердегі жылжымайтын мүліктің құны қатты өсіп отыр. Бағаның қалыптасуына мынадай факторлар әсер етеді: қолайлы орналасқан жері, тамаша климаты және ойын-сауыққа толы көптеген саябақтары. Орландо қаласы туристер мен жылжымайтын мүлікке ие болғысы келетіндердің арасында әйгілі, осылайша, мұнда жылжымайтын мүлік нарқында жақсы климат қалыптасуда. Штаттың гүлденген экономикасы да жоғарыда көрсетілген факторлардың орнын толтыра алады. Орландо қаласында бір рет болып, қаладан кетуіңіз қиынға соғатынына күмән келтіруге болмайды!
